Әлемде коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы маусым айында тіркелген
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы маусым айында тіркелген
5,141
оқылды
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызға жуығы маусым айында тіркелген, – деп хабарлады Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық ресурсында.
«Әлемдегі коронавирус жұқтырғандардың  60 пайызы маусым айында анықталды. Маусым айының соңғы аптасында күн сайын COVID-19 жұқтырған 160 мыңнан астам адам тіркеліп отырды», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус.
Ол жағдайды бақылауға алу үшін пандемиямен күресте кешенді шаралар қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ДДСҰ басшысы медқызметкерлерді коронавирус жұқтырғандармен дұрыс жұмыс істеуге және халықты ақпараттандыруға үйрету керек екенін айтты.