Атыраудан Нұр-Сұлтанға қатынайтын пойыздар уақытша тоқтатылды
Атыраудан Нұр-Сұлтанға қатынайтын пойыздар уақытша тоқтатылды
5,142
оқылды
Атырау қаласынан жолаушылар пойызының жол жүруі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. Мемлекеттік комиссияның 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде жаңа шешім қабылданды.
«Атырау - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 13 шілдеден бастап - Атыраудан, 15 шілдеден бастап - Нұрлы жолдан жол жүруін уақытша тоқтатады. Аталған пойызға бұрын билет алған жолаушылар құжатын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады. Билет ақшасын қайтару қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, коронавирус пандемиясының таралу кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.