Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 
"Азаматтардың назарын жеке қауіпсіздік шараларын, оның ішінде, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен тазалық сақтаудың аса маңызды екеніне аударамын. Егер мұны ұстанбасақ, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайды", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының карантинді екі апта созу туралы хабарлағанын жазған болатынбыз.