Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан құны 100 млн теңге болатын 142 мың қорап дәрі келді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.
Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 млн 420 мың құты, «Дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары» – 100 мың дана, «Аспарин» – 30 мың құты.
Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.
[caption id="attachment_57408" align="alignnone" width="1080"]