Аймақ тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету үшін білім беру мекемелерінен де медициналық пункттер ашуда. Оған оқу орындарының 123 медицина маманы тартылып отыр. Нақтырақ айтсақ, орта мектептерден 80 маман іріктелініп алынса, колледждерден 43 маман тартылған. Сондай-ақ аудандардағы орта және кіші медицина қызметкерлері де тұрғындарға кеңес беру, дәрі егу секілді жұмыстарды атқару үшін жұмылдырылып отыр. Ал ең бастысы, кіші медицина мамандары бұл жұмыстарын тегін көрсетпек. «Бұл бастамаға тартылған мамандар оқу жылы басталғанға дейін жұмыс істейді және міндетті түрде жалақы алатын болады», – дейді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов. Иә, дәл қазір әрбір медицина маманының күші ауадай қажет. Сондықтан бұл бастама бас бармақпен бағалауға тұрарлық. Егер осындай жобаларға жұмыла атсалысатын болсақ, кеселмен күресте бір ұпайымыз басым тұрары анық.
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы