Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Осы отырыста еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешім қабылданды.
«Бір реттік қолданатын үш қабатты медициналық бетперде 28 пайызға арзандатылды. Жалпы, бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін түсті», - делінді хабарламада.