Бес баланы асырап алған мемлекеттік қызметші (видео)
Бес баланы асырап алған мемлекеттік қызметші (видео)
©Сурет интернеттен алынды
213
оқылды
Бұл жайында «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.
Жас маман Алтынай Тапелова ағайынды үш ұл мен екі қызды бауырына басқан. Оқиға осыдан 5 жыл бұрын болған.  Ол кезде жеткіншектердің үлкені – 13-те, ал кенжесі 4 жаста болды.  Онда Алтынай аудандық қорғаншылық, қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын бөлімнің бас маманы қызметінде жүрген. Бүлдіршіндердің жағдайын сол жерден білген.
«Бұған дейін талай баланың тағдырын көрдім. Бірақ осы жолы не әсер еткенін білмедім. Оларды қолыма алғам келді» дейді ол.
– Ең алғаш балаларымды балалар үйіне апара алмадым. Қызметіме қайшы келетін дұние. Дегенмен, балаларды үйіме алып келдім. Алдымен медициналық тексерістен өткізу үшін жуындырайын деп ойлаым. Сөйтіп жүргенімізде үш күн зу етіп өте шықты. Бір-бірімізге бауыр басып, қоштасқымыз келмей қалды. Сөйтіп, балаларды өз қамқорлығыма алғым келді, – дейді Талас аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Алтынай Тапелова.
[embed]https://youtu.be/WigWijhzeDE[/embed] Айтуынша, сол балалардың алды қазір мектеп бітірген. Үйдің үлкені – Ділназ. Ол журналист бошлғысы келеді екен. Өзі шығармашылыққа жақын, өлең шығарады. Бүгінге дейін 40 шақты өлең жазып тастапты. Ортаншы бала Досжан спортқа жақын. Болашақта ел мерейін асқақтататын атақты боксшы болмақшы. Қазір көпбалалы отбасы Қаратау қаласында тұрады.