ШҚО-да Lexus RX 300 көлігі аударылып, келіншек ауруханаға түсті
ШҚО-да Lexus RX 300 көлігі аударылып, келіншек ауруханаға түсті
©Сурет интернеттен алынды
5,148
оқылды
Оқиға 13 шілде күні Өскемен – Рахман қайнары жолында болған. 35 жастағы әйел облыс орталығынан Жаңа Бұқтырма ауылына, 88 шақырым жерде көлігімен аударылған. Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.
Апаттың кесірінен жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы түрлі жарақат алды. Қазір олар Алтай қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Ал көліктегі екінші жолаушыны жедел-жәрдем қарап шығып, үйіне жіберілді.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы «Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіретін жол ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.