Енді Медеу, Алма-арасан және Бутаковка секілді демалыс орындарына көлікпен баруға болмайды. Тек жаяу немесе велосипедпен қатынауға рұқсат беріледі.
Осындай шешімді қала билігі қабылдады. Ертеңнен бастап Алматыдағы ұлттық саябақтар уақытша жабылады.Оның өзінде ұлттық парктер демалыс күндері жұмыс істемейді. Келушілерге өзімен бірге тамақ алып баруына тыйым салынған. Енді саябақтарда спортпен шұғылдануға ғана болады. Ал от жағып, шатыр тігуге рұқсат жоқ.