Ауылдар ажарлана түспек
Ауылдар ажарлана түспек
185
оқылды
Осы бағдарлама аясында Ба­тыс Қазақстан облысындағы Тас­қала ауданында әлеуметтік жә­не коммуникациялық мәсе­ле­лер ше­шімін тауып жатыр. Был­тыр аудан орталығында «Ауыл – ел бе­сігі» бағдарламасымен Қ.Сәт­баев және С.Жақсығұлов атын­да­ғы орта мектептер күрделі жөн­деу­ден өткізілген.  Енді биыл ау­даннан ұсынылған 6 жоба аталған  бағ­дарламаға еніп отыр. Осыған орай,  Тасқала ауылындағы 28 көше мен 3 шағынауданның авто­мо­биль жолдары, білім ордасы мен мә­дениет үйі күрделі жөн­деу­ден өтеді. Қазіргі уақытта  барлық  жо­­балар бойынша  конкурс  өт­кі­зіліп, мер­дігер компаниялар анық­­талған. Жол жөндеу жұмыстарын жүр­гізіп жатқан «Айдана» ЖШС  Скоробогатов көшесінде асфальт жамылғысының алғашқы қаба­тын салып, жұмысты  бастап кет­ті. Осы мердігер компанияға ауыл­дағы 22 көшені жөндеу тап­сырылған. Жөндеу жұмыстары үшін 1 млрд 263 млн 113 мың тең­­ге көлемінде қаражат бөлінген. Ал Ахметқалиев, Саябақ, Шев­чен­ко, Панфилов, Халықтар дос­тығы көшелерін  жөндеу жұ­мысы  «Ануш Құрылыс»  ЖШС-не тап­сырылды. Осы мердігермен 329 млн 146 мың теңгеге келісімшарт жасалған. ayil1 Одан бөлек, қазақтың көрнек­ті ағартушы-педагогі Ыбырай Ал­тынсарин атындағы орта мек­теп пен ауданның мәдени ошағы, ау­дан­дық мәдени-демалыс орта­лығының күрделі жөндеу жұмыс­тарын «Энергия» ЖШС жүргізу­де. Мектептің жөндеу жұмысына 160 млн 122 мың теңге бөлінсе, мә­дениет үйі үшін 162 млн 946 мың теңге қарастырылған. Еліміз үшін ауылдардың орны ерекше. «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ла­масы  инфрақұрылымдық мә­се­лелерді шешіп қана қоймай, же­р­гілікті халық үшін жұмыс орындарын ашуға негіз болып отыр. Жалпы,  осы алты жоба бойынша 243 жұмыс орны ашы­лып, соның ішінде Халықты жұ­мыс­пен  қамту орталығы арқылы 16 жұмыс орны қарастырылған.  

 М.ХАҚНАЗАР