Бірнеше аймақта ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі
Бірнеше аймақта ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі
Фото: Интернеттен алынды
212
оқылды
Тек қана батысы мен шығысында найзағай, жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік пен батыста дауыл соғады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы өте қатты ысиды. Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бүгін де сақталады.