Әрдайым көмекке әзір

Әрдайым көмекке әзір

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының бастамасымен жергілікті мемлекеттік органдар және мәслихат депутаттарымен бірге жұмысты жүргізу кестесінен кешігудің себебін анықтау және құрылыс нысандарының сапасын бақылау үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралады.

Құрылысы аяқталу мерзімінен кешігіп жатқан перзентхана, балабақша, сумен қамту мекемелерін аралады.

Әлеуметтік және инфрақұрылымды да­мыту үнемі партияның басты назарында. «Құтты мекен» жобасы аясында аймақта көптеген іс-шаралар іске асуда.

Нысандарды жеке-жеке аралап шыққан партиялықтар құрылыс талаптары сақтал­маған нысандардағы кемшіліктердің куәсі болды. Оның ішінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау, құрылыс аумағына жақын орна­ласқан үйлер тұрғындарының талабы орын­далмайтынын айтты. Құжат бойынша әлде­қашан тапсырылған нысандар, іс жүзінде әлі толық салынып та бітпеген.

– «Құтты мекен» партиялық жобасы ая­сында әлеуметтік нысандардың құрылы­сын бақыладық. Мәселен, «Жас қанат» ық­шам­ауданында сапасыз салынған тұр­ғын үйде бол­дық. Құрылысты салу бары­сында көпте­ген кемшіліктерге жол берген, – деді қала­лық мәслихат депутаты Нұрлан Мұхамедрахимов.

Қаладағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, тұрғындардың арыз-шағымын тың­даған депутаттар партия көмекке әрдайым әзір екенін жеткізді. Nur Otan партиясы Алматы филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров тұрғын­дардың өтініші жерде қалмайтынын айтты. «Егер жергілікті әкімдіктен көмек болмаса, партия әрдайым көмектесуге әзір», – деді ол.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Құтты мекен» жобасы ары қарай жүйелі жалғасын табады.