Қыркүйекте мектеп оқушылары тағы да қашықтан оқуы мүмкін  

Қыркүйекте мектеп оқушылары тағы да қашықтан оқуы мүмкін  

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асқан.

«Олардың 1700-і – балалар. Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында коронавирустың мектептен басқа кезде де таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы, жыл сайын жұқтырылған респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін», – деді Алексей Цой.