Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясаты жүргізілетінін айтты.
«Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисі қыркүйекте іске қосылады Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі Президент тапсырмасы: Экономиканы қолдаудың қосымша шаралары әзірленеді «Ол үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының монетарлық емес инфляцияны төмендету тапсырмасын орындау мақсаты көзделеді. Ол үшін нарықтарды тауарлармен толтыру, жеткізу тізбегін оңтайландыру және алыпсатарлыққа жол бермеу жолымен Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан импортқа тәуелділікті азайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», –деді Ерболат Досаев.Ұлттық банк дағдарысқа қарсы шұғыл шешімдер қабылдап, экономикалық ахуалды жіті қадағалап отырады. «Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп осы жылдың шілдесінің соңына дейін әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда салаларды қолдаудың қосымша шаралар топтамасын дайындайды», – дейді министр. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет пен Ұлттық банкке халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін шұғыл тапсырма берген болатын.