«Құтты мекеннің» пайдасы көп

«Құтты мекеннің» пайдасы көп

Бүгінде ауыл және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» партиялық жобасы сәтті жүзеге асып келеді.

Партия жобаның іске асырылуын қатаң бақылайды. Бағдарлама бойынша өңір­лерде салынатын нысандардың құ­ры­лысын арнайы мониторинг тобы тексереді. Бұл жобаға жауап­­ты инс­пек­торлар да бекітілген. Олар нысан құры­лысын жіті қадағалағаннан бөлек, тұр­ғындардың ұсынысын да ескеруге міндетті. Осылайша, партиялық жоба негізінде келе­шегі бар ауылдарды дамыту қарқын алып жатыр.

«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы Новоалексеевка ауылына жұмыс сапарымен келген мониторинг тобы жергілікті жердегі су тарату жүйесінің құрылысымен танысып, құрылысқа бөлінген қаржының дұрыс иге­рілуіне қатысты арнайы тексеріс жүргізді. Топ мүшелері бақылау барысында мердігерлік ұйым «Инсект» серіктестігінен жұмыстардың сапалы болуына аса мән беру керегін ескертті. Партия­лықтар сондай-ақ құрылыс орнындағы техни­калардың, су таратқыш нысанның жұ­мысын тексеріп, қызметкерлермен құрылыс төңіре­гінде тілдесті.

– Бұл жоба конкурстық рәсімдерге байла­нысты кеш қолға алынды. Дегенмен қазіргі күні барлық жұмыстар жоспарға сай орындалып жатыр, – дейді «Инсект» ЖШС өкілі Қадыр Сегізбаев.

Nur Otan партиясы Алтынсарин аудандық филиалының қызметкерлері мен арнайы мониторинг тобының тексерісі барысында комиссия мүшелері тарапынан түрлі ұсыныс айтылды. Айта кетейік, «Құтты мекен» пар­тиялық жобасы 7,5 млн ауыл тұрғынының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол үшін респуб­ликалық бюджеттен 3 жылға 90 миллиард тең­ге қарастырылды. Бұл қаржыға елдіме­кен­дердің түйткілді мәселелерін шешу көзделіп отыр.


Әбілмансұр ЖАСАН