«Оқушылардың денсаулығы үшін басқа амал жоқ...» – министр қыркүйектегі қашықтан оқыту туралы айтты
Министр І тоқсанды қашықтан оқу үшін жағдай жасалатынын айтты.
«Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», – деді ол.
Жиында Үкімет басшысы Асқар Мамин
Денсаулық сақтау,
Білім және ғылым, Цифрландыру министрліктеріне тапсырма берді.
1 қыркүйектен бастап орта мектептерде бірінші тоқсанды
қашықтан оқыту форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ол.