1 452 түркістандық отбасы баспаналы болады
1 452 түркістандық отбасы баспаналы болады
146
оқылды
Аталған үйлердің ішінде биыл жыл соңына дейін 7 қабатты 24 тұрғын үй пайдалануға бері­леді. Яғни, жаңа 1 452 пәтерде түркістандықтар қоныстойын атап өтеді. Бұл туралы қалада атқарылып жатқан жұмыстардың атқарылуын қадағалау мақсатында  тұрақты аралап, көзбе-көз жіті қарап жүретін облыс басшысы Ө.Шөкеевтің кезекті аралау кезінде айтылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құ­рылысшылармен жүздесіп, жұмыс барысын тексерді. Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің (350 мың шаршы метр, 5 600 пәтер) құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 тұрғын (92,2 мың ш.м, 1 452 пәтер) үй, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға (450 пәтер), кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге кредиттік тұрғын үй (1 002 пәтер) тапсыру жоспарланған. baspana1 Айта кету керек, құрылыс жұмыстары тек тұрғын үй, баспана мәселесімен ғана шектелмей, жүздеген қалаға қажетті ғажап ғимараттар мен нысандар, оралықтардың құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.  Қуантарлығы сол, бүгінде олардың бірқатарының құрылыс жұмыстары аяқталып,  пайдалануға дайын тұрса, қалғандарында еңбек майданы қызып жатыр.  

ШАҺАРДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

Сондай-ақ Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Аймақ басшысы сапаға мән беріп, уақыт үнемдеу мақсатында енгізілген гидроегу жұмыстарын тексерді. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бақылады. Түркістанда халықаралық тәжірибені қолдана отырып, ең озық технологиялар қолданылады. Арнайы сұйықтық шашылып, жеті күнде айнала жасыл желекке бөленеді. Облыс орталығында көшелер мен демалыс  орындарын көбейтіп,  көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қалада 32 сектор бойынша көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Аудан, қала және басқарма басшылары жауапты барлық аумақта 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды. Тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын егілген. baspana2 157 862,38 шаршы метр газон  төселіп, 187,867  шақырым суару жүйесі орнатылды. Қала бойынша 65 ұңғымалар қазылып, аллеялар мен скверлер қолданысқа берілді. М.Пошанов, Байтанаев, Р.Сейтметов демалыс орындары және «Жеңіс» саябағы қайтадан жаңартудан өтіп, жаңа көрікке ие болды. «Жасыл белдеу»  бағдарламасы бойынша 97,9 га аумаққа 42 068 дана ағаш егілді. «Қашқари» демалыс орнында 200 түрлі ағаш пен бұталы гүлді өсімдіктер отырғызылған. Қазіргі кезде Түркістан қаласының 19 көшесінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары іске асуда. Сонымен бірге әл-Фараби мен Қазыбек би, Н.Төреқұлов көшесінде саябақ пен скверлер орнатылуда.  Алдағы уақытта қолданысқа беріледі. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 111950 шаршы метр аумақ шілде айының соңына дейін көгалданатын болады.  

Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы