Көшпелі қабылдау көп мәселе шешкен
Көшпелі қабылдау көп мәселе шешкен

Павлодарда трамвайда көшпелі қабылдау өтті. «Халыққа көмек» партиялық жобасының басты мақсаты – қоғамдағы шешімін таппаған өзекті проблемаларды шешу.

Nur Otan партиясының облыстық филиалы трамвай басқармасының бастауыш партия ұйымы және мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, азаматтарды көшпелі қабылдады. Елді елең еткізген көшпелі қабыл­дауға келген халықтың қарасы көп болды.

Көпшілік тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселесі төңірегіндегі сауалдарына нақты жауап алды. Азаматтарды көшпелі қабылдау нәтижелі өтті. Мамандардан тиісті жауап алды. Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Николай Дычконың айтуынша, тұрғындар айтқан мәселе жауапты мекемелер­мен бірлесіп шешіледі.

– Nur Otan – халықтың партиясы. Сондықтан да халықты өзіне ша­қырмай, тұрғындарға жақын болу үшін өздері келіп отыр. Мұндағы кө­те­­рілген мәселелерге сараптама жасап, тиісті жұмыстар атқарамыз. Бұл ретте жергілікті атқарушы ор­ган­дармен бірлесіп жұмыс істейміз, – деді Николай Дычко.

Ерекше айтып өтер жайт, Павло­дардың қабылдау шарасы қаланың 4-ықшамауданы мен аймақтың өзге де қалалары мен аудандарында бір уақытта өтті.