Қатаң сөгіс беруді ұсынды
Қатаң сөгіс беруді ұсынды
212
оқылды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті жиыны өтті. Бұл шара барысында мемлекеттік құрылымдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі мен мекемелердегі тәртіптік комиссиялардың жұмыс нәтижелері, сондай-ақ Бөрлі ауданындағы Александров ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды.

Әуелі масаң күйде қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта пай­даланған Александров ауылдық округінің әкімі Ганжа Тұрғанә­лиев­ке қатысты тәртіптік іс мате­риа­лы кеңес мүшелерінің назарына ұсынылды. Жан-жақты талқылап, мән-жайға әбден қаныққасын Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Мем­лекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының бұ­зылуы­на жол бергені үшін Бөрлі ау­даны әкімінің атына Г.Тұр­ған­ә­лиев­ке «қатаң сөгіс» түріндегі тәр­тіптік жаза қолдану жөнінде ұсы­ныс жолдау туралы шешім қа­былдады. Өйткені қызметтік тек­серу және Бөрлі аудандық сотының қаулысы нәтижесінде Г.Тұрғанә­лиев­тің мемқызметшінің Әдеп ко­дексіне қайшы әрекеттері дә­лел­денген. Ретті жерінде айта кетелік, Әдеп кеңесінің әкімшілік-тәртіптік шараларға қатысты ұсыныстары – тал­қылауға жатпайтын, міндетті түрд­е орындалуы тиіс қағида.

Облыс аумағындағы мем­құры­лым­дарда қызметтік әдептің сақ­талуын қадағалау мен бағалауды жү­зе­ге асыратын әдеп жөніндегі уә­кілдердің Әдеп кеңесіне күн іл­гері жолдаған жазбаша мәліметтері мен аталған жиынға аяқтай келіп берген есептеріндегі ақпараттарда ал­шақтық бар. Мәселен, осындай жаң­сақтықтар БҚО орман шаруа­шы­лығы және жануарлар дүниесі ау­мақтық инспекциясының әдеп жө­ніндегі уәкілі Қайрат Ибраев­тың, Индустрия және инфра­құры­лым­дық даму министрлігі Индуст­рия­лық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қарасты БҚО бойынша департаментінің бө­лім басшысы, әдеп жөніндегі уә­кіл Бейбіт Шалабаевтың, Тасқала ау­даны әкімі аппаратының бас­шы­сы, әдеп жөніндегі уәкіл Қанат Нұрекешовтің және Қазталов ау­даны әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Айбек Ис­лам­бековтің мәліметтерінде орын ал­ды. Бұл олқылықтар да кеңес мү­ше­лерінің назарынан тыс қалмай, тиіс­ті лауазым иелеріне орынды ес­кер­тулер жасалды.

 

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы бойынша
Әдеп кеңесінің мүшесі