Шілдеде 42 500 теңгені кімдер алады?

Шілдеде 42 500 теңгені кімдер алады?

Тағайындаудың жаңа ережелері белгілі болды

Табыс көзінен айырылған қазақстандықтарға тек шілде айында 42 500 теңге төленеді. Өткенде болған төтенше жағдайдағы қағидаттар бойынша төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп өз табысынан, жалақысынан айырылған азаматтарға:
  • жұмыс берушілер;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға беріледі.

Қашан төленеді?

Төлем Мемлекеттік сақтандыру қоры есебінен төленеді. Қазіргі қордың қаржылық жағдайы қиын. Бірақ Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, әлеуметтік қордың қаржылай мәселесін шешуде. Алдағы екі күнде ереже пысықталады. 17 шілдеде порталдар өтініштерді қабылдауды бастайды. 20 шілдеден бастап тиісті органдар төлемдер тағайындауға кіріседі. Оған дейін eGov.kz сайтына кірудің пайдасы шамалы.

Ереже қандай болады?

Қазір төтенше жағдай кезеңіне қарағанда біршама мекемелер жұмысын жалғастыруда. 1 сәуірден бастап бірқатар мекемелер міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік жарналарды төлеуден босатылды.

Жалдамалы жұмысшылар үшін:

  • Зейнетақы, әлеуметтік жарналар төленгені туралы талап қойылмайды (бұрын қойылған);
  • Жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс беруші ғана өтінішті бере алады; Жұмыс беруші қарамағындағы адамның ақысыз жұмысқа кеткенін растайды. Олар порталға мәлімет кіргізеді. Өтініштің қабылданған я болмаса қабылданбағанын әр адам жеке парақшасына кіріп біле алады;
  • Бір ғана тексеріс болады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің жұмысы жүріп жатыр ма, жатқан жоқ па анықтайтын болады.
Жеке кәсіпкерлер үшін:
  • Бұл топ өткендегідей өтініштерін береді.
  • Зейнетақы, әлеуметтік жарналар төленгені туралы талап қойылмайды (Кейбір кәсіпкерлер жылына бір рет төлем төлейді);
  • Жергілікті «Атамекен» палатасының өкілдері тексереді;
  • Салық комитеті тексеріс жүргізеді;
  Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар:
  • Төтенше жағдай кезінде жиынтық төлем төледі. Қазір Бірыңғай жиынтық төлем төлеудің қажеті жоқ. Тек өтініш береді;
  • Бұған дейін төтенше жағдай кезінде бір рет төлегендер ортақ мәліметтер қорынан тексеріледі;

Қандай порталдар жұмыс істейді?

17 шілдеден бастап eGov.kz, 42500 enbek.kz сайты және өз-өзін жұмыспен қамтығандар үшін телеграм боттар жұмыс істейді. Каспи мен Халық банк төлем қосымшасын енгізуге ұсыныс берді.

Өткен жолы 42 500 теңге алғандар да қайтадан өтініш береді

 Себебі, қазір жағдай басқаша, белгілі бір шектеу болғанымен жұмысы жасап жатқан мекемелер бар. Белгілі бір санатқа жататындарды (барлығын емес) ешқандай өтінішсіз, қосымша талапсыз төлем тағайындау мәселесі екі күнде шешіледі. Іріктелген азамттардың атына хабарлама жіберіледі. Онда «жұмыссыз қалған жағдайыңызды растайсыз ба?» деген хабарлама келеді. Растаса, тиісті қаражат аударылады.
  • Азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек азаматтардың жекелеген санаттағы азаматтар бұл топқа атаулы әлеуметтік көмек алатын яғни, 1 миллионнан астам адамға беріледі;
  • Атаулы әлеуметтік көмек 128 мыңға жуық отбасына тағайындалады;
  • Мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген адамдардың (29 мың адам) мүгедектігі үш айға автоматты түрде ұзартылады.

Еркежан АЙТҚАЗЫ