Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді
Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді
5,185
оқылды
Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тарапынан Нұр-Сұлтан қаласы аумағында дәрі-дәрмекті көтерме сатумен айналысатын бірнеше субъектінің іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзу белгілері анықталды. Атап айтқанда, қала аумағында дәрі-дәрмекті көтерме сатумен айналысатын 4 субъект қазіргі таңда аса қажетті дәрі-дәрмектер (аспирин, зирокс, сумамед, цефим, супракс, тамифлю, парацетамол, ибупрофен, нимесулид т.б.) бағасының негізсіз өсуіне жол берген. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, дәрі-дәрмек бағасын көтеру бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзушылық белгілерін жою туралы хабарлама шығарылды. Хабарлама оны алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын құжаттарды ұсына отырып орындалуы тиіс.