42 500 теңге декреттегі аналар мен студенттерге беріле ме?
42 500 теңге декреттегі аналар мен студенттерге беріле ме?
166
оқылды
Шілдедегі карантинге байланысты берілетін 42 500 теңге қаржылай көмек декреттегі аналар мен студенттерге берілмейді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
«Декретте отырғандарға арнайы төлем берілмейді. 42 500 теңге кірісінен айрылғандарға, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға ғана беріледі. Әлеуметтік төлем студенттерге төленеді деген заң жоқ. Егер студент жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың қатарына жатса ғана беріледі. Студенттер экономикалық белсенді емес халық санатына жатады. Жұмыспен қамту заңнамасы бойынша студенттерді жұмыссыз ретінде тіркеуге болмайды. Мемлекеттік сақтандыруды студенттерге мемлекет төлейтін болғандықтан, осылардың бәрін негізге алып, аталған мәселені пысықтап жатырмыз. Біз бұл категорияны есепке аламыз. Бейсенбі күні кеңестен кейін бұл мәселе бойынша қосымша хабарлаймыз», - деді Нұрымбетов.
Айта кетейік,  42 500 теңге әлеуметтік көмегіне байланысты өтініштер осы жұмадан бастап қабылданады.