Нұр-Сұлтанға екі жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған 1 млн 200 мың қаптама дәрі-дәрмек келді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі бар. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады. Барлық дәрі-дәрмек қала дәріханаларына таратылады. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады. «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және басқа ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мониторинг тобы аталған дәріханаларда дистрибьюторлар тарататын дәрілердің болуын тексерді.
«Рейд барысында тұрғындар ең көп баратын 15 ірі дәріхана желісі қамтылды. Керек дәрі-дәрмектер қажетті мөлшерде жеткізілiп жатқанымен, сұраныс өте жоғары болғандықтан, олар азаматтар арасында бірден сатылып кетіп жатқаны байқалды. Сондықтан дәріханалардың көпшілігінде дәрі-дәрмектерді жан басына тарату шектелген. Тұрғындардың көпшілігі дәріханаға кезекте тұрғанда қауіпсіздік шараларын, әлеуметтік қашықтық сақтамауда. Барлық келушілер санитарлық ережені қатаң сақтауы тиіс», – дейді қалалық жастар саясаты басқармасының бөлім башысы Ақұлан Тастемір.Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейді. Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, азаматтар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуіне болады. Дәрі-дәрмектің бағасы күмән тудырған жағдайда, dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша adilet.zan.kz тексеруге болады.