Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 15 шілде Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Облыста және Ақтау қаласында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 18 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 38-42 градус аптап ыстық сақталады. 15 шілде Қызылорда облысының кей жерлерінде және облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23 м/с болады. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. 15 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.