Сотталғандар вирустан қорғайтын 40 мың костюм тікті
Сотталғандар вирустан қорғайтын 40 мың костюм тікті
Фото: Маңғыстау облыстық коммуникация орталығы
146
оқылды
Медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш костюмдерді тігумен 32 жазасын өтеуші айналысады. Осы мақсатта ГМ 172/6 түзеу мекемесінде шағын цех құрылған. Қолдан пішілген костюмдердің сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келеді. «Вирустық инфекциядан қорғану костюмдерін қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер Маңғыстау өңірінде карантин режимі жарияланғанға дейін тіге бастаған болатын. Бүгінде 32 сотталушы жұмыс кестесіне сай тәулігіне бірнеге костюм пішіп шығаруда. Олар заң жүзінде тұрақты қызметке тартылған. Еңбегі үшін айына 42 500 теңге көлемінде жалақы алады» – дейді Роман Теленьков. Ақтауда пішіліп шығарылған қорғаныш костюмдері бірінші кезекте жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне сатып алынып жатыр. Бір костюмнің нарықтағы құны 1 500 теңгеге бағаланған. Сондай-ақ облыстағы басқа да кәсіпорындардан  костюмдерге көптеп тапсырыс түсіп жатқан көрінеді. Бастысы, темір тордың артында отырғандар жұмыс істеп, сұранысы жоғары өнім шығаруда. Осылайша, коронавируспен күреске өз үлесін қосып жүр.