Қандастар да көмек берді
Қандастар да көмек берді
Фото: баспасөз қызметінен
131
оқылды
Келген көмектің жалпы салмағы – 900 киллограмға жуық. Оның ішінде медициналық заттар (бетперде, термометр, қорғаныш костюмдері) және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар. Бұл медициналық жабдықтар еліміздегі медициналық орталықтарға үлестіріліп берілмек. Жүктің бір бөлігін бүгін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы», «Отандастар коры» мен елімізге Түркиядан арнайы келген қазақ диаспорасының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы аурулар орталығына  тапсырды. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі Алматы, Шымкент және ШҚО-дағы емханаларға жеткізілетін болады. «Әлемнің қай тұсында жүрсе де, атажұртын ұмытпай, қиын-қыстау уақытта елімізге қол ұшын созып, бірден көмек көрсеткен Түркиядағы, Еуропадағы қандастарымызға, ағайын-бауырларымызға және осы жүкті жеткізуге атсалысқан барлық мемлекеттік мекемелерге алғысымызды білдіреміз. «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар коры» атынан ризашылығымызды жеткіземіз», - деді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

                        Мадияр ТӨЛЕУ