Зарина Диас әлемнің бесінші ракеткасын жарыс жолынан шығарып тастады (видео)
Зарина Диас әлемнің бесінші ракеткасын жарыс жолынан шығарып тастады (видео)
161
оқылды

Енді қазақстандық спортшы ширек финалда өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Вашингтондағы WTA International Citi Open турнирінің ширек финалына жолдама алды.

25 жастағы қазақстандық спортшы әлемнің бесінші ракеткасы украиналық Лесей Цуренкомен кездесіп, жеңіске жетті. Заринаның дәл қазір әлемдік рейтингте 84 орында тұрғанын айта кетейік.

Бірінші сетта қазақстандық 5:1 есебімен жеңген, алайда қарсыласы үш геймді қатарынан жеңіп шеберлік танытты. Бірақ қорытынды кезең 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Екінші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсті.

Енді ширек финалда Зарина Диас әлемнің 62 ракеткасы италиялық Камила Джорджимен кездеседі.

https://youtu.be/y_JnO-eaM2Q