"Nur Otan" партиясының бақылауымен Біріккен Араб Әмірлігінен жеткен медициналық құрал-жабдықтарды қала, аудандарға бөліп жіберу жұмыстары жүргізілді. БАӘ-дан келген гуманитарлық көмекте медициналық маска, қолғап, қорғаныс киімі, тест сынамасы, ИВЛ аппараты т.б. бар. Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан - депутаттар, қоғам белсенділері және журналистерден құралған арнайы бақылаушы жұмыс тобы өз қызметін атқарды. Мақсат - келген барлық затты қала, аудандардың қажеттілігіне қарай бөлінуіне жұртшылық атынан ат салысып, өз үлестерін қосу.