Ақтау қаласындағы 4 қонақүйге облыста күні-түні еңбек етіп жүрген дәрігерлер орналастырылған. Осы дәрігерлерге жеміс, сүт өнімдерін жеткізіп беру Маңғыстау облысындағы "Nur Otan" партиясы филиалының бақылауында. Өңірдегі жасотандықтар да бұл игі іске атсалысты. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Маңғыстау облыстық филиалы "Жаңаөзен сүт зауыты" қолдауымен дәрігерлерге сүт өнімдерін таратып берді. Өнімдер қатарында шұбат, шалап, айран мен қаймақ бар. Облыстық мәслихат депутаттары да осы күнге дейін күнде жеміс-жидек пен сүт өнімдерін жеткізіп беріп жүр. ⠀