Нұрымбетов қазақстандықтардың жалақысына қатысты ойын айтты
Нұрымбетов қазақстандықтардың жалақысына қатысты ойын айтты
© сурет интернеттен алынды
180
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың жалақысын біртіндеп арттыру бағытында жұмыс жүргізілетінін айтты. 
"Менің елдегі жалақы деңгейіне "сыни тұрғыда" қараймын. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, елімізде орташа жалақы 200 мың теңгеге сәл жетпейді. Бұл салықты есептемегенде, демек, қолға одан да аз түседі. Медианалық жалақы ұғымы бар. Ол да 125 мың теңге деңгейінде, одан көп емес", - деді Нұрымбетов брифингте.   
Нұрымбетов жалақыны кезең-кезеңімен арттыру үшін жұмыс жүргізілетінін айтты.
"Қазақстандықтардың жалақысы аз. Оны кезең-кезеңмен арттыру қажет деп есептейміз. Әрине, қазір оны талқылайтын уақыт емес, бұған біраз шығын кетеді. Дегенмен елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму құжатында біз ең төмен жалақыны кезең-кезеңмен арттыруды көздеп отырмыз", - деді министр.