Борышкер атқарушылық іс жүргізілгенін SMS арқылы біледі – Әділет министрлігі
Борышкер атқарушылық іс жүргізілгенін SMS арқылы біледі – Әділет министрлігі
153
оқылды
Енді борышкер атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы, онда қолданылатын шектеу шаралары туралы және іс бойынша басқа да мәліметтерді ұялы телефон нөміріне алады, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. Осы жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
«Заң атқарушылық іс жүргізу тараптарын хабардар ету институтын жетілдіреді. Ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы азаматтарды электрондық хабардар етуге көшу бойынша норма енгізілді. SMS-хабарлауды пайдаланудың негізгі артықшылығы – ұялы телефон нөміріне атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы, онда қолданылатын шектеу шаралары және іс бойынша басқа да мәліметтерді жедел және уақытылы алу», - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар бұл сервис борышкерлердің қаражатын үнемдейді. Мысалы, егер бір тапсырысты хат құны - 350 теңге болса, СМС арқылы осындай хабарлама шамамен, 20 теңге болады. Заңға сәйкес оның құны шығыстарға есептеледі және борышкерден өндіріледі. SMS-хабарлама арқылы хабарлау мүмкін болмаған жағдайда ғана, сот орындаушысы әдеттегі хабарламасы бар пошта байланысын қолданады.