Құрбан айт 11 тамызда басталады
Құрбан айт 11 тамызда басталады
185
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 2019 жылы Құрбан айт 11 тамызда басталады.

«Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.  Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал.

Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады. Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады» делінген хабарламада.

Биылғы Құрбан айт жексенбі күні басталады. Сондықтан қосымша демалыс берілмейді.