ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен
ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен
©Сурет интернеттен алынды
188
оқылды
ШҚО ақпарат орталығының мәліметінше, адамдардың су айдынында қаза табуына мынадай жағдайлар себеп болған:
  • суда жүзе алмау немесе өзінің шамасын білмеу,
  • балаларды қараусыз қалдыру,
  • алкогольді ішімдік ішкен күйі суға түсу.
Бұл жайында арнайы брифингте ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Дмитрий Титов айтты.
«2020 жылдың басынан бері ШҚО-да 28 адам суға батып, қайтыс болған. Тек шомылу маусымының өзінде 16 адам мерт болды, оның алтауы - 17 жасқа дейінгі балалар. Барлық қайғылы жағдай шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған» деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде халықтың жаппай демалып, суға түсуі үшін 359 орын жабдықталып, дайындалған. Оның 180-інде арнайы жағажай бар. Облыста барлығы 132 құтқарушы жұмыс істеп жүр. 53 қоғамдық құтқару бекеті ашылып, 48 акваторий тексеруден өткен. Алакөлде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 4 құтқарушыдан құралған топ жұмыс істеуде. Аймақтағы су айдындарының жағалауында мыңнан астам рейд өткізілген.