Дәрігерлер өкпесі толығымен зақымданған әйелді аман алып қалды
Дәрігерлер өкпесі толығымен зақымданған әйелді аман алып қалды
©Сурет интернеттен алынды
145
оқылды
Науқас коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда екіжақты пневмониямен ауруханаға түскен. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ведомство мәліметінше, 56 жастағы әйел Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түскен. КТ тексеру кезінде өкпенің екіжақты полисегменттік зақымдануын тапты. Тіпті, өкпенің 96 пайызы зақымданған екен.  Екінші дәрежелі артериялық гипертониясы болғандықтан жағдайы нашарлады. Науқас дереу жансақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 10 күн бойы  әйелдің өмірі үшін күрескен. Дәрігерлер оттегі беретін аппараттарды, тамшылар мен басқа да құралдарды пайдаланды. "Бүгінде науқастың жағдайы жақсы.Тексерістерден соң учаскелік дәрігердің бақылауында болады", - деді ведомстводағылар.