Нұр-Сұлтанда ер азамат келіншегін пышақтап, жол жиегіне лақтырып кеткен
Нұр-Сұлтанда ер азамат келіншегін пышақтап, жол жиегіне лақтырып кеткен
©Сурет интернеттен алынды
Бұл жайында "Не молчи" қоры Facebook-тегі  парақшасында жариялаған. Сол кезде ғана елордалық полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Пышақталған келіншек 1985 жылғы екен.  Күйеуі оның жұмысына келіп, сыртқа шығуын сұрап қоймай қойған. Келіншек әріптестерінен ыңғайсызданған соң, онымен сөйлесуге сыртқа шыққан. Сол кезде күйеуі оны күшпен көлікке салып әкеткен.
Содан Қарағанды ​​тас жолында келе жатып, келіншегін пышақтай кеткен. Ол болса барынша қарсыласқан. Тіпті, көліктің әйнегін сындырмақшы болып, оны соққылай кеткен. Келіншегін тоқтаусыз пышақтай беріп, оған 8 рет пышақ салған. Машина ішіндегі кикілжіңді байқаған жол-жөнекей көлік иелері тоқтай бастаған. Осыны бкөрген азамат көлігін тоқтатпастан есігін ашып, келіншекті лақтырып жіберіп, ізін суытқан. 
Сол кезде басқа көлік жүргізушілері полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. Негізі бұл ерлі-зайыпты жақында ғана ажырасыпты. Күйеуінен күнде таяқ жеп жүрген келіншек ажырасуға арызданған. Бірақ қаңтарда басталған іс 9 маусымда әрең ажырасқан екен.