Автобус паркі жаңарады

Автобус паркі жаңарады

Министрлікке қарасты Көлік комитетінің дерегінше, елімізде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шама­мен өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр. «Отандық автотасымал­дау­шылардың халықаралық жүк тасымалдау нарығындағы ұстанымын нығайту мақсатын­да сатып алынатын ершікті тартқыштарды кәдеге жарату алымынан және алғашқы тіркеу алы­мынан босату жөнінде ше­шім қабылданды. Сондай-ақ қалалық автобус тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді. Оны іске асыру саладағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ  көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді» делінген жауапты орган мәлі­ме­тінде. Сонымен қатар ЕАЭО кө­лік дәліздері жүйелерімен ықпал­дастырылған көлік құжат­та­рын  басқару жүйелерін цифрландыру жалғасады. Ха­лықа­ралық жүк тасымалы үшін рұқсат беру жүйесі рә­сім­дерін автоматтандыру мен еліміздің автобус паркін жа­ңар­ту сияқты жұмыстар жүреді. Айта кетерлігі, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында  5-19 шілде аралығында облысара­лық және қалааралық автобус­тар­дың жүруі тоқтаған-ды. Карантин енгізілген сәттен бастап  ҚХР, Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Моңғолия автокөліктерінің барлық түрімен жолаушылар мен багажды екіжақты тасы­малдау, оның ішінде 117 тұрақ­ты бағыт, сондай-ақ транзиттік жолаушылар тасы­малы тыйыл­ды.  

А. ЖОЛДАС