Демікпе мен асқазан-ішек аурулары бірінші орында тұр
Демікпе мен асқазан-ішек аурулары бірінші орында тұр
165
оқылды

Медициналық пойыз дәрігерлері Ақмола облысы бойынша атқарған жұмысын қорытындылады. Көшпелі медициналық көмек Ақмола облысының 9 мыңға жуық шалғай бекет тұрғындары қаралып, тегін медицианлық қызмет алған.

Бұған дейін пойыз Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шалғай бекет тұрғындарына қызмет көрсетті. Ол Ақмола облысының 24 станциясын аралауды аяқтап, Қарағанды облысына бет алды.

Ақмола облысында пойыз қызметіне 9 498 адам жүгінді, 3251 адам тексерістен өтті. Оның ішінде 520 бала, 463 шағын хирургиялық ота жасалды, 198 ФГДС процедурасы мен 1779 УДЗ (УЗИ) жасалып, 372 адам флюорографиядан өтті. Тұрғындар арасында ең көп қаралған дәрігер кардиолог болды, ол 1090 адамды қабылдаса, терапевт дәрігер 1182 адамды қабылдап үлгерген.

            «Біз Ақмола облысының балаларын тексерістен өткіздік. Ерекше атап өтетіні, біз осы аймақта 4 жасар балада алғаш рет аутизм диагнозын анықтадық. Сонымен қатар, балалар арасында аллергиялық аурулардың, атопиялық дерматит, бронх демікпесінің және асқазан-ішек жолдары ауруларының көбею тенденциясы байқалады. Бұл жерде ата-ананың қамқорлығы балалардың тамақтануы мен физикалық дамуы үшін өте маңызды. Сондай-ақ, жүрек аурулары, тоқ ішек және зәр шығару жүйесінің аурулары жиі кездеседі. Біз бұл балалардың емделуін бақылауға алдық, емдік шараларға кеңес пен мамандандырылған медициналық мекемелерге жолдама бердік», – деді балалар пульмонологы Гүлмира Нажахмет.

Пациенттердің арасында жыл сайын медициналық пойыз дәрігерлеріне тексеріліп тұратын зейнеткерлер де бар.

«Біз барлық дәрігерлерге бізді жақсы қарсы алып, құнды кеңестер беріп, дәрі-дәрмектерге рецепт жазып беріп жатқандары үшін үлкен алғыс айтамыз. Және осындай шалғай станцияларға келіп жатқандарыңыз үшін де рахмет. Мен медициналық пойыздың қызметіне бірінші рет жүгініп тұрғам жоқ, жыл сайын келемін, себебі дәрігерлер жұмыстарын өте сауатты атқарады, олар бізге шын мәнінде үлкен көмек көрсетіп жатыр. Бүгін мен ЛОР және окулист дәрігердің қабылдауында болдым», - дейді Ақмола облысының тұрғыны, 78 жасар Мария Кухарская.

         «Біз медициналық пойыз жұмыс істейтін шалғай станциялардың тұрғындарынан үнемі оң пікірлер аламыз. Дәрігерлер тұрғындарды аптасына жеті күн, демалыссыз қабылдайды. Осылайша, 29 сәуірден бастап қазақстандықтардың 14,5 бөлігі тексерістен өтті, оның 2,5 бөлігі балалар. Статистика мәліметтері көрсеткендей көбінесе тұрғындар терапевт, офтальмолог және кардиолог дрігерлердің қызметіне жүгінеді», – деді Samruk-KazynaTrust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.