1 миллион адам жұмыссыз қалады
1 миллион адам жұмыссыз қалады
147
оқылды
«Елдегі жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздар санын Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қадағалап отырады. Өкінішке қарай, олар әлі ресми деректерді жария еткен жоқ. Екінші тоқсанның мә­ліметтері 12 тамызға қарай болады. Дегенмен біз еңбек нарығын бағдарлауға тиіспіз. Екінші жағынан жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу де жұмыссыздық деңгейінің бей­несін көрсете алады. Сон­дық­тан  өзіміз де бағалау жүргіземіз. Әр өңірдің санитар дәрігерінің шешімін, қандай кәсіпорындар қызметі шек­тел­генін, онда қанша адам жұмыс істеп жат­қанын қаперге аламыз»,  – деді министр Біржан Нұрым­бетов. Оның айтуынша, елімізде жұмыссыздық деңгейі сәуір айында шырқау шегіне жеткен. Аталған айда республикада 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалған. «Одан кейін шектеулер алынған жоқ, жұмыссыздық деңгейін 1 млн 145 мың адам деңгейінде бағаладық. Мау­сым­­­да біршама еркіндік бо­лып, жұмыссыздар саны шама­мен 735 мың адамға дейін тө­мен­­деді. Шілдеде шектеу ша­ра­лары күшейтілді. Шама­мен, 1 мил­лионға жуық адам жұ­мыс­­сыз қалар деп ойладық. Қа­зір ка­ран­тин жалғасуда және ай­дың соңында баға бе­ре­­міз»,  –  деді Біржан Нұрым­бетов.  

Айбике ЖАНАСЫЛ