«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман мен аудандық мәслихат хатшысы М.Манаповтың ұйытқы болуымен аудандағы орталық ауруханаға бір жылқының тұтас еті мен әртүрлі азық-түлік жеткізілді. Ал қауырт кезеңде азық-түлік пен етті жеткізіп беруге аудандағы еріктілер жұмылған. Қысылтаяң шақта жеткен көмек үшін науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер өз ризашылығын білдірді. Бұл ізгі шараның соңы емес. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман алдағы уақытта медициналық жабдықтар мен басқа да заттар тұрақты түрде жеткізіліп отыратынын мәлімдеді.
М.ТӨЛЕУ