Медициналық жабдықтар жеткізілді
Медициналық жабдықтар жеткізілді
221
оқылды
Облыс әкімдігінің жанынан құрылған жұмыс тобы Біріккен Араб Әмірлігінен жеткен меди­циналық құрал-жабдық­тарды қала, аудандарға қажеттілікке қарай бөліп, жөнелтіп отыр. БАӘ-ден келген гуманитарлық көмекте медициналық бетперде (95 мың дана), қолғап (250 мың дана), қорғаныс киімі (15 мың дана), жасанды тыныс алу ап­параты (ИВЛ) (25 дана), антитела сы­на­масы (100 мың дана) мен қорғаныс жапқышы (6 мың дана) бар. Ме­дицина жабдық­тарын жүйелі түр­де қадағалау үшін жұмыс тобының құрамына қоғам белсенділері мен журна­лис­тер кірген. Одан бөлек, жұрт­шылық атынан атсалысуды мақ­­­сат еткен еріктілер де кө­мек­ке жұмылдырылған. Олар зат­тардың медицина орталық­та­рына уақы­тылы баруын қам­та­масыз етпек. gymanitarlik komek1 – Коронавирусты анықтауға арналған тесттердің бәрін об­лыстық Денсаулық сақтау бас­қармасына бердік. Себебі ла­боратория тек Ақтау қаласында бар. Олар қажеттілікке қарай үлестеріп, тест жүргізіп отырады. Ал қалған медицина жабдық­тарын қала мен әр ауданға теңдей бөлдік. Енді аудандық әкімдіктер жанынан жұмыс тобы құрылады. Олар заттардың қолды болып, саудаға шығып кетпеуін ба­қылайды. Жұмыс тобына «Nur Otan» партиясының өкілдері де енді. Барлығы жүйелі болуын қамтамасыз етеміз, – деді облыс­тық қоғамдық кеңес мүшесі Аят Исатайұлы. Сонымен қатар дәл осындай бақылаушы жұмыс тобы аудан­дарда да құрылып жатыр. Олар­дың міндеті – қала, аудан орта­лықтарына жеткен медициналық жабдықтарды әрі қарай дәрі­герлерге дұрыс үлестіруін қада­ғалап отыру.  

 М.ХАҚНАЗАР