Ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады
Ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с артады. Атырау, Ақтөбе облыстарында 18 м/с екпінде жел күтіледі. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Сондай-ақ Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстықтан өрт қаупі бар.