«Көр қазып үлгере алмай жатыр» – жерлеу үш есе артқан – видео
«Көр қазып үлгере алмай жатыр» – жерлеу үш есе артқан – видео
Фото: Интернеттен алынды
Видеоларда айтылатын деректердің ақ-қарасын ажырату үшін КТК телеарнасының тілшісі Асқарбек Қазанғап Алматыдағы «Кеңсай» зиратына арнайы барып, жай-жапсарын зерделеп көрген. Телеарнаның хабарлауынша, соңғы кезде жерлеу рәсімімен айналысатындардың жұмысы көбейген. Көр қазатындар үлгере алмай жатыр. Себебі, жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтарында тапсырыс беру бірден үш есеге артқан. Қайтыс болғандардың көпшілігі коронавирустан бақилық болған. Алматыдағы Кеңсай зиратында кейнгі кезде топырағы кеппеген мола саны көбейген.  Жер қазып жатқан қабіршілер де көп. Бейітке ескерткіш тас дайындайтын шеберлер де туысын соңғы сапарға шығарып салуға келетіндердің қарасы көбейгенін растап отыр. Ал Алматыдағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың өкілі күніне орташа есеппен 80 адамды соңғы сапарға шығарып салатынын айтқан.
Жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаилов: «Бұрын күніне 27-28 адам, 25 адам қайтыс болса, қазір күніге, бүгін, мысалы, шамамен 80 адам.  Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз», – дейді.
Ескерту! Видео авторларының сөйлеген сөзі қаз-қалпында берілген.  https://youtu.be/TErBC2E-Wwo