Қалалық әкімдік осындай мәлімдеме таратты, – деп хабарлайды AstanaTV. «Шығынды өтеу үшін төтенше жағдай жариялануы тиіс, ал оған негіз жеткіліксіз», – дейді шенеуніктер. Басшылар «Тұрғын үй қатынастары туралы заңның» 50-бабы, 1-тармағына сүйенген. Шілденің 12 күні Қарағандыда аяқ астынан дүлей дауыл тұрып көптеген мекеме қирады. Небәрі 15 минут соққан қатты желден зардап шеккен адамдар да бар. Бір жасөспірім көлік қағып ауруханаға түссе, «Топар» суқоймасында шомылып жүрген 19 жастағы қыз бала суға батып, қайтыс болды. Құтқарушылар оның мүрдесін 1 сағаттан соң тапты. Дауыл кесірінен қаланың орталық көшелері мен Бұқар жырау және Абай аудандары жарықсыз қалды. Электр сымдары кеше кешкісін ғана жалғанған. Дүлей дауылдан 18 құрылыс нысан зардап шеккен. Шатырын ұшырып әкеткен мекемелер арасында көпқабатты үйлер мен мектептер бар. 45 ағаш құлап 11 көлікке зақым келді. Дауылдан соң 25 техника мен 100-ден аса құтқарушы қайта қалпына келтіруге атсалысты.