«Кедейлер үшін байлар салықты көп төлесін» – ұсыныс қолдау таба ма?
«Кедейлер үшін байлар салықты көп төлесін» – ұсыныс қолдау таба ма?
Фото: Интернеттен алынды
503
оқылды
Жаһанды жайлаған пандемия әлем экономикасына салмақ түсірді, – деп жазады 24.kz. Әлемдегі ең бай адамдар байлыққа салынатын салық көлемін көбейтуді ұсынып отыр. АҚШ, Жаңа Зеландия, Германия, Ұлыбритания, Канада, Дания және Нидерланд сияқты бас-аяғы 7 елдің 83 миллионері экономиканы тығырықтан шығаруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, үкіметке ұсыныс хат жолдады. Олар қарапайым халықтың тұрмысын түзеуге бар күш-жігерін жұмсамақ. Олардың қатарында Жаңа Зеландияның ең табысты адамдарының бірі Warehouse Group-тың негізін қалаушы Стивен Тиндалл, британиялық сценарист және режиссер Ричард Кертис, суретші-мультипликатор Уолт Диснейдің немересі Эбигейл Диснейлер бар. Дереккөздің жазуынша, мұндай бастама алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Пандемияға дейін де әлемнің 200 бай адамы прогрессивті салық төлемін енгізуді ұсынған еді.