Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, гуманитарлық көмекпен келген дәрі-дәрмек еліміздегі барлық ауруханаларға таратылған.
«Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус таралғалы бері шетел жіберген қайырымдылық көмекті елге жеткізу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыстың ауқымы кең. Гуманитарлық көмек жіберген ҚХР, АҚШ, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан және көптеген басқа да елдерге, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымдарға, компанияларға, шетелдік қайырымдылық қорларына, жекелеген азаматтарға елімізге жасаған қайырымдылық көмектері үшін шынайы ризашылығымызды жеткізгім келеді», – деді Ержан Ашықбаев.Бас-аяғы оннан астам мемлекет гуманитарлық көмек келген. Осы кезге дейінгі мәлімет бойынша елімізге гуманитарлық жүк ретінде 5 млн 200 мыңға жуық медициналық маска, 98 өкпені жасанды желдету аппараты, 260 мың тест жүйесі, 3000 мыңға жуық тепловизор мен термометр әкелінген.