Ауылдағы жеті көшеге асфальт төселді
Ауылдағы жеті көшеге асфальт төселді
292
оқылды
Осы уақытқа дейін аудан орталығы саналатын Бейнеудегі Ж.Аймауытов, Тастемір, Абай, Сүйеубаев және Асау батыр мен Амантұрлы батыр көшелеріне асфальт төселген болатын. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары өз ризашылығын білдіріп, автомобиль жолының пайдасын көріп отыр. 2020 жылы бұл жоба бойынша Бейнеу ауылының жеті көшесіне, атап айтқанда Ер Шабай, Н.Оңғалбаев, Мендіқұл, Жайыл­ған, Ақтан Керей, Ыбырайым Ахун және А.Байтұрсынов көшелеріне асфальт төселеді. Бұл жобаға қарастырылып жатқан 246 млн теңге қаржының 90%-ы республикалық бюджет­тен, қалған 10%-ы жергілікті бюд­жет­тен бөлінеді. Қазіргі таңда жеңім­паз болған мердігер кәсіп­о­рын «Бейнеужолдары» жауап­кер­шілігі шектеулі серік­тестігі Ыбырайым Ахун және А.Бай­тұрсынов көшелеріне ас­фальт төсеу жұмысын бастап кетті. Нәти­жесінде, жаңа жұмыс орын­дары ашылып, 3 адам аудан­дық жұ­мыс­пен қамту орта­лығының жол­да­масымен жұмысқа тұрып, қызметін атқарып жүр. – Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауданымыздағы Бейнеу ауылының дамуына үлкен үлес қосуда. Осы жоба аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдарымыз қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз, – дейді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов. «Ауыл – ел бесігі» жобасы Елбасы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты халыққа Жолдауында айтылғандай, алдағы уақытта ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында жүзеге асырыла бермек.  

 Мадияр ЖАЛҒАСҰЛЫ