Акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, қолдау көрсету.
Әлемді жаулаған «COVID-19» коронавирустық инфекциясы ешкімді бейжай қалдырмады. Осындай сын сағатта бірінші кезекте ақ халатты абзал жандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресуде.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны бірнеше ондаған мың адамға жетті. Бірақ медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында көптеген адамдар аяққа тұрды. Дәрігерлер адам өмірі үшін тәулік бойы күресуде. Бұл қайырымдылық акциясымен біз дәрігерлерге жылу сыйлап, қолдау көрсетіп, бірге екендігімізді жеткізгіміз келеді», – деді ерікті Бекембай Сахи.Атаулы акцияға Алматы қаласы бойынша коронавирустын алдын алу және болдырмау ведомствоаралық комиссия қолдау көрсетті.