Оның ішінде, қалада – 277, ауылдық жерлерде – 90, дәріхана және дәріхана пункттерінің қызметі – 196. Жұмыс істейтін дәріханалық қоймалар саны – 12. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және пневмониямен ауыратын науқастар санының артуына байланысты 2020 жылғы 23 маусым мен 9 шілде аралығында дәріханаларда мына дәрілік заттарға кезек байқалды: Парацетамол 0,5 №10, ацетилсалицил қышқылы №10, ампуладағы Гепарин, ампуладағы Дексаметазон, Цефазолин 1,0 Цефтриаксон, ампуладағы Амбро, Ципрофлоксацин 100,0, Азитромицин 0,5 №3, Метрид 100,0, Левофлоксацин 100,0, Ингавирин 90 мг. №7, Тамифлю 75 мг №10 – бұл препараттарды дәріханаларға түскен бойда тұрғындар бір мезгілде жаппай сатып алғандықтан, дәріханаларға дәріхана қоймалары арқылы келіп түскен бұл дәрілік заттардың саны жеткіліксіз болды, бұл ретте оларды көп мөлшерде сатып алу жағдайлары да кездесті, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) қызметкерлері 94 дәріханада дәрілік заттардың 41 атауына апта сайын мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында дәрілік заттардың 41 атауынан дәріханаларда бүгінгі күні антикоагулянттар тобынан – 5 атау, антибиотиктер тобынан – 8 атау (Азитро 500 мг., Азитрокс 500 мг., Азитромицин 500 мг., Зитрокс 500 мг., Сумед 500 мг., Амоксиклав 500 мг., Аугментин 500 мг., Клавам 500 мг.), вирусқа қарсы препараттардың 1 атауы (Ингавирин 90 мг.), ыстықты түсіретін дәрілік заттардың атауы – 7 атауы (Эффералган 30, Панадол суспензия, свечи, Нурофен сироп, Ибупрофен 0,2 №10, Новиган №20, МиГ 400 №10, Нимесулид №30) бар екені анықталды. Сонымен қатар, «Адалдық алаңы» өкілімен бірлесіп, 2020 жылдың 13 шілдесінде «Медсервис плюс» ҚФК» ЖШС АФ дәріхана қоймасының мониторингі жүргізілді.
Дәріхана қоймасына түскен дәрілік заттар:
– антибиотиктер тобынан – 19 атау, – антикоагулянттар тобынан – 4 атау, – В және С топтарының витаминдері – 8 атау, – ыстықты түсіретін ДЗ тобынан - 7 атауы, – вирусқа қарсы топтан – 3 атауы, – антиагреганттар тобынан – 2 атау. Сондай-ақ, «Медин» ЖШС АФ дәріхана қоймасына дәрілік заттардың түсуі күтілуде. «Медсервис Плюс» ҚФК ЖШС АФ дәріхана қоймасы басшылығының айтуынша, аталған дәрілік заттар қала мен аудандардың дәріханалары арасында бөлінеді (дәріханалардан 200 өтініш қабылданды). Бүгінгі күні аурудың төмендеуі, Ақтөбе қаласының дәріханалық желілеріне ДЗ түсуінің артуы, соның салдарынан дәріханаларда кезектің азайғаны байқалады. 2020 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша дәріханалық қоймаларда 914 602 бетперде, бөлшек сауда желісінде – 22 961 бетперде, оның ішінде қалада 14 026 бетперде, ауданда – 8935 бетперделер бар. Мониторинг жүргізу үшін Ақтөбе облысы әкімдігінің жанынан жұмыс тобы құрылды. Департамент қызметкерлері дәріханаларда (ЖК Старченко, «Еврофарма» ЖШС, «Желдорфармация» ЖШС, «КамКор Компани» ЖШС, «Фарм Казына» ЖШС) ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы ДЗ, антикоагулянттардың, антибиотиктердің болуына мониторинг жүргізуге қатысты. Дәріханаларға барған кезде осы дәрілік заттар мен олардың аналогтары болған. Облыс прокуратурасының, экономикалық тергеу департаментінің және «Адалдық алаңы» өкілдерінің қатысуымен 8 дәріханада шекті бөлшек сауда бағасын сақтау бойынша мониторинг жүргізу бойынша мониторинг тобы құрылды. Мониторинг барысында Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері 4 дәріханада: «Актюбфармцентр» ЖШС, «Витафарм» ЖШС, «Старченко» ЖК, «Хасан Ойл» ЖШС-да бағаның көтерілгенін анықтады. Мониторинг нәтижелері бойынша материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлеріне берілді. Бүгінгі күні ЭТД-нің қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша Ақтөбе облысының ТКҚСҚБ департаментіне материалдар жіберілетін болады. Департамент қызметкерлері ҚР ДСМ №104 «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дәрілік заттардың бағасын сақтау, дәрілік заттарды рецептуралық босату және дәрілік заттарды тек емдеу курсына ғана босату мәселесі бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.