Air Astana Қазақстан бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізеді
Air Astana Қазақстан бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізеді
148
оқылды
Тасымалға 3 кг-ға дейін мынадай жеткізілім түрлері қабылданады: бетперде, қолғап, қорғаныш киімі; өндіруші зауыттың қаптамасындағы құрғақ дәрі-дәрмек; өндіруші зауыттың қаптамасындағы, сыртынан қосымша полиэтилен пакетке оралған ампулалар; таңып-байлау материалдары (бинт, бұласыр); өндіруші зауыттың қаптамасындағы шприц, системалар. Тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық фактура-шотты көрсету керек болады. Сұйық күйдегі дәрі-дәрмектерді, биоүлгілерді, зертханалық талдауларды, температуралық тәртіпті талап ететін, сондай-ақ хладагентпен қапталған дәрі-дәрмектерді тасымалдауға тыйым салынады. Толығырақ ақпаратты airastana.com сайтының «Қызметтеріміз» - «Жедел пошта қызметі» бөлімінде және +7 (727) 356 09 50, +7 (727) 270 30 53, + 7 (702) 702 01 59 телефондары арқылы алуға болады.