Павлодарда телефон қоңырауы бір үйді дүрліктірді
Павлодарда телефон қоңырауы бір үйді дүрліктірді
Жұртты дүрліктірген қаскөйді полиция іздеп тапты. Ол 15 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бозбала бұл қылығын «жай ғана ойын» деп түсіндірген. Телефон арқылы ол өзінің ұстазын алдағысы келген. «Аталған іс бойынша  Қыл­мыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тұрғындардан жалған ақпарат бермеуге әрі ата-аналардан балаларына мұндай әрекеттің қылмыс екенін тү­сіндіруін сұрайды. Сондықтан телефон арқылы жалған қоңырау шалу терроризмге жата­­тын әрі қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеміз», – деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова. Мұғалімімен орынсыз ойнаған бозбала жазадан құтыла алмайды. Полиция департаментінің хабарлауынша, терроризм туралы жалған хабар берген бала 5 АЕК түрінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Анар  ҚОНЫС